KZ
Өскемен
-19°
плотный туман Штиль
510.18 601.91 6.51

Марқакөл ауданы жарты жылда 200 млн теңге инвестиция тартты

30.06.2025, 13:50 278 Айна Бакимбаева

2023 жылдың соңында Мемлекет басшысының Жарлығымен жеке аудан болып құрылған Марқакөлде бүгінде бірқатар жаңа бастамалар жүзеге асып жатыр. Ауданның 2025 жылғы алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша барлық салада оң өсім байқалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Марқакөл ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрсұлтан Бейсенов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда:

  • ет өндірісі – 14,5%-ға,
  • сүт өндірісі – 22,4%-ға,
  • жұмыртқа өндірісі – 11,6%-ға артқан.

Сондай-ақ мал басы да өскен:

  • ірі қара мал – 44,1%-ға,
  • ұсақ мал – 6%-ға,
  • жылқы – 5%-ға көбейген.

Өңдеу өнеркәсібінің өсімі жарты жыл ішінде 119,3%-ды құраған. Бұл – аудандағы экономикалық белсенділіктің артқанын көрсетеді.

– «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында игілікті жобалар қолға алынуда. Мәселен, «Бекзат-2024» ауыл шаруашылығы кооперативі мал азығын өңдейтін цех ашу үшін 25 млн теңге көлемінде қолдау алды. Ал туризм бағыты бойынша «Рахат-туризм» кооперативі қонақүйді жаңарту үшін 16 млн теңге, «Айсаб» кооперативі демалыс базасын салу үшін 18,5 млн теңге жеңіп алды, – деді Нұрсұлтан Бейсенов.

Сонымен қатар, биыл ақпан айында «MARKAKOL LODGE» демалыс базасының жобасы «ШҚО-ның үздік рекреациялық аймағы» байқауында жеңімпаз атанып, ауданға инфрақұрылымды дамыту үшін 200 млн теңге қаржы тартылды.

Жарты жыл ішіндегі бұл жетістіктер Марқакөлдің әлеуеті жоғары екенін көрсетіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу