KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да мал шаруашылығы өнімі 249,5 млрд теңгеге жеткен

27.04.2023, 20:41 474

Өткен жылы өңірдегі мал шаруашылығы өнімінің көлемі 249,5 млрд теңгені құраған.
Аталған бағыттағы осы және өзге нәтиже жайын Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағандықов жеткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Дерек бойынша, өткен жылы облыс бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 249,5 млрд теңгені құрап, 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 129% өсімге жеткен. 
Сонымен қатар 2022 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 438,8 мың бас болғанын жеткізді. Өсім – 2021 жылдың деңгейіне 102,9%. Дәлірек айтқанда, қой мен ешкі – 603,8 мың бас, жылқы – 203,0 мың бас. Шаруашылықтың барлық санаттарында ет өндірісі 153,2 мың тонна, сүт өнімі 495,8 мың тонна.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу