ШҚО әкімі Катонқарағай ауданында халықпен кездеседі
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданына бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, тұрғындармен кездеспек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күн тәртібінде — аудан халқымен ашық форматтағы кездесу; азаматтарды жеке қабылдау; Катонқарағай ауылындағы спорт кешенінің құрылысы; аудандық аурухана қазандық қондырғысының жағдайы; көпқабатты тұрғын үйлерді аралау; Топқайың ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің жаңғыруы; Шыңғыстай ауылындағы асфальт-бетон зауытының ашылуы.
Сапардың негізгі мақсаты — инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуын бақылау, әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысу және жергілікті халықтың ұсыныс-пікірін тікелей тыңдау.
Қуаныш Рахметоллаұлы
Фото: Меир Токобаев