KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен бірнеше үй салынады

көрнекілік сурет: pro-dachnikov.com

5.03.2024, 11:05 202 Қызырбек Дүргінбайұлы

Катонқарағай ауданын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту мақсатында биыл 4,7 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа аудан әкімдігі жыл бойы 21 жобаны жүзеге асырмақ.

Еліміздің қай өңірінде болмасын көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үнемі қолдау көрсетіліп келеді. Осыған орай Катонқарағай ауданында биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арнап 64,4 млн теңгеге төрт тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020-2022 жылдары Катонқарағай ауданында 30 пәтерлі екі тұрғын үй салынған. Сондай-ақ Үлкен Нарын ауылында 30 пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға берілген болатын.

– Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арнап биыл 64,4 млн теңгеге 4 тұрғын үй салу жосапланған. Бұл «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы арқылы жүзеге асатын болады, – деді  дейді Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалихан. 

Айта кетейік, былтыр үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Катонқарағай, Шыңғыстай, Аққайнар, Белқарағай, Топқайың, Солдатово, Өрел, Қызыл Жұлдыз, Үлкен Нарын ауылдарында 16 үй сатып алынған болатын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу