KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Катонқарағайда көмір тапшылығы жоқ 

depositphotos.com

15.11.2024, 16:30 121 Гульжан Мусина

Катонқарағай ауданында халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары тиісті деңгейде атқарылуда. Аудан тұрғындары жеке тұрғын үйлер үшін бес мың тонна көмір сатып алды, бұл маусымдық жылытуға жеткілікті, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Биыл Катонқарағай ауылында орталық қазандық  жаңартылды. Орталықтандырылған жылыту жүйесіне отыз жеке үй, төрт әлеуметтік нысан, екі мемлекеттік мекеме және он алты жеке кәсіпкерлік нысан (дүкендер) қосылған. Орталық аудандық аурухананың жеке қазандығы бар, қалған денсаулық сақтау нысандары  тоқпен жылытылады. Қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

– Жылыту жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Алтай КомХоз Сервис» кәсіпорны 2024 жылы «Қаражыра» акционерлік қоғамымен 3500 тонна тас көмір жеткізуге келісімшартқа отырды. Қазіргі уақытта орталық қазандыққа 1066 тонна қара отын жеткізілді. Катонқарағай ауылының қазандықтарында 384 тонна, Зубовка ауылындағы көмір тұйығында 188 тонна көмір бар. Тасымалдаушы –  «Алтай жүк» ЖШС жеке кәсіпкері, – деді Катонқарағай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде. 

Аудан тұрғындары қажетті бес мың тонна қара отынмен толық қамтылды. Алтай қаласындағы «Зырян ТЭК» ЖШС тұйығындағы бір тонна көмірдің бағасы 16 550 теңге.

Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу