ШҚО-да көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасы құрылады
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Темірхан Елшібаев облыс үшін маңызды жобаны – Шығыс Қазақстан облыстық филиалы базасында Бірыңғай көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасын құру мәселесін талқылады. Бұл – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының бірлескен бастамасы, онда Шығыс Қазақстанның рөлі ерекше болып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда зертхана ғимаратының дайындық деңгейі 90%-дан асты, құрылыс және инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталуға жақын.
Оның айтуынша, зертхана аграрлық сектордың нақты міндеттерімен тығыз байланысты болады. Ол азық-түлік пен ветеринариялық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешуге, өнім сапасын бақылауды күшейтуге, халықтың денсаулығын қорғауға, сондай-ақ экспортты қолдауға мүмкіндік береді.