Абай – 180: Серебрянск қаласында ақынның мұрасына арналған әдеби квиз өтті
Алтай ауданының Серебрянск қаласында Абайдың 180 жылдығына арналған әдеби квиз ұйымдастырылды. Шара «Абай – руханиятқа бастар алтын көпір» атты аудандық мәдени-ағартушылық марафон аясында өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Интеллектуалдық ойынға Серебрянск қалалық полиция бөлімінің, №19 өрт сөндіру бөлімінің және «Жасыл ел» жасағының командалары қатысты. Қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты білімдерін көрсетіп, оның қазақ ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі жөнінде ой бөлісті.
Ойын еркін диалог пен білім сайысына толы атмосферада өтіп, Абай мұрасының заманауи қоғам мен келешек ұрпақ үшін маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Шара барысында Серебрянск қаласының әкімі Нұргүл Бақынова қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол Абайдың рухани мұрасының сарқылмас даналықтың қайнар көзі екенін атап, қатысушыларға шығармашылық шабыт пен табыс тіледі.
Полиция бөлімінің командасы атынан қатысқан Әсем Жауғашева өз әсерімен бөлісіп:
№19 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ерболат Дәулетханов:
Ал «Жасыл ел» командасының мүшесі Аида Рамазанова:
Абай – әлемдік руханият қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ойшыл, философ, ақын, ағартушы, аудармашы әрі композитор. Оның мол мұрасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде жарқын із қалдырды. Бүгінде Абай мұрасы – ұлттың рухани жаңғыруының өзегі, өшпес өнеге көзі.










