KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
522.38 612.6 6.54

Қазақстанда медициналық сақтандырудың бірыңғай моделі қалыптасады

pixabay.com

10.08.2025, 12:00 269 Төлеуғазы Жансая

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бірыңғай пакет қалыптастыру жоспарланып отыр. Енді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясындағы қызметтер бір пакетке біріктіріледі. Бұл өзгеріс медициналық көмекті алуды жеңілдетіп, қызмет көрсету тәртібін біріздендіруге бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа модель бойынша азаматтар қай санатқа жататынына қарамастан, бірдей көлемде медициналық қызметке қол жеткізе алады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жүйе медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Реформа аясында қаржыландыру тетіктері де жаңарады. Мемлекет әлеуметтік әлжуаз топтардың жарнасын бұрынғыдай өзі төлейді. Ал жұмыс істейтін азаматтар үшін сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады.

Жаңартылған жүйе 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Министрлік бұл қадам медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және халықтың сақтандыру жүйесіне сенімін нығайтуға мүмкіндік береді деп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу