Саясат Нұрбек: Алдағы демографиялық толқынға дайын болуымыз керек
Шығыс Қазақстан облысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің тұрғындармен кездесуі басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгін, 8 тамыз күні аймаққа жұмыс сапарымен келген министр алдымен білім саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, халық сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар жеке қабылдау да өтпек.
Кездесу барысында министр алғаш болып демографиялық өзгерістер тақырыбына тоқталды. Оның айтуынша, 2027/2028 оқу жылында 1-сыныпқа келетін балалар саны рекордтық деңгейге жетеді.
Министрдің айтуынша, бұл – тек білім саласының емес, бүкіл елдің болашағына әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан жаңа мектептер салу, мұғалімдердің жүктемесін реттеу, заманауи инфрақұрылыммен қамту – күн тәртібіндегі басты міндеттердің бірі болмақ.
Елизавета Седых
Фото: Жібек Нұрахмет








