KZ
Өскемен
-23°
пасмурно жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

Әскери қызметкерлер Абай мерейтойында жоғалған балаларды тауып берді

10.08.2025, 11:09 227 Төлеуғазы Жансая

Абай облысы, Қарауыл ауылында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік көңіл-күй келген қонақтардың  біріне біраз уақытқа алаңдаушылыққа ауысты. Мерекелік шараға жүздеген тұрғындар мен қонақтар жиналған сәтте, Ұлттық ұланның патрульдік тобына жергілікті тұрғын Әбілғазин жүгініп, 11 жастағы Айзере мен 9 жастағы Мансур есімді балаларын жоғалтып алғанын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні  әскери жасақ қоғамдық тәртіпті қадағалап, ауыл тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрді. Балалардың жоғалғаны жөнінде хабар алған сәтте-ақ, олар халықтың көптігі мен қызу мерекелік бағдарламаға қарамастан, дереу іздестіру жұмыстарын бастады.

Әскерилердің шұғыл әрекетінің арқасында Іздеу көпке созылмады: балалар патруль бағытының бойынан табылып, сәл шошынғанымен, дін аман еді. Олар бірден ата-анасына жеткізілді. 

Айта кетейік, 5518 әскери бөлімінің 150-ден астам әскери қызметкері Қарауыл ауылында өтіп жатқан Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шарада қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп жүр.


“Шығыс” өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу