KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Өскеменде аулада ойнап жүрген 6 жасар бала жоғалып кетті

25.05.2020, 08:03 114

24 мамыр сағат 21:03 шамасында, қоғамдық тәртіпті күзету барысында 5518 әскери бөлімінің жасағына А. есімді азаматша 6 жасар баласы Қабанбай батыр көшесі бойындағы аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткенін айтып, ұландықтардан тауып беруін өтінген.

-Мұндай кезде оқиғаны жете бағаламай, салғырт қарауға болмайды.Бала басында небары санаулы сағаттарға жоғалып, артынша орны толмас қайғымен аяқталуы мүмкін. Сондықтан, біз қалайда баланы тез арада табуға барынша тырыстық –дейді әскери жасақ бастығы қатардағы Фархат Саршинов.

2 сағатқа созылған іздеу жұмыстары барысында әскери жасақ Лев Толстой көшесіндегі аулалардың бірінде түр-сипаты сәйкес келетін балақайды байқап қалады. Бірден аты-жөні мен мекен-жайын сұрастырғаннан кейін жоғалған бала табылып, ата-анасына қайтарылды.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы
баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив