Қазақ тіліндегі сапалы қызмет – кәсіпкерлер назарында
gov.kz
Өскеменде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадам жасалды. Облыстық Мәдениет басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және «Қазақ тілі» қоғамының өңірлік филиалы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құжат аясында кәсіпкерлер жарнамалық материалдар, мәзірлер, баға белгілері, чектер және басқа да көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде сауатты әрі түсінікті ресімдеуге баса назар аударады.
«Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының өкілі Әскерхан Хуанбай кәсіпкерлерге қазақ тіліндегі мәтіндерді дұрыс, тартымды және тұтынушыға түсінікті етіп жасау үшін әдістемелік көмек көрсетуге дайын екендерін айтты.