KZ
Өскемен
снег жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов: жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 20 пайыз қоса қаржыландыруды тапсырамын

gov.kz

30.10.2024, 11:15 103 Төлеуғазы Жансая

Аймақ басшысының бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жауапты сала мамандарына келесі жылы жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 20 пайыз қоса қаржыландыруды ағымдағы жылдың 1-ші желтоқсанына дейін қамтамасыз етуді тапсырды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биыл Шығыс Қазақстан облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 1 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өтіп жатқан жиын барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова мәлім етті. 

- Бұл ретте, аудан бюджетінен Глубокое 18 пайыз, Күршім және Самар аудандарында 17 пайыз атаулы әлеуметтік көмекке қоса қаржыландыру жеткіліксіз көзделген. Бұдан бөлек, келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы кезеңге есептелген медиандық табыстың 35 пайызы мөлшерінде кедейлік шегінің мөлшерін ұлғайту жоспарлануда. Осыған байланысты, келер жылға арналған атаулы әлеуметтік көмек төлеуге кедейлік шегінің мөлшерін медиандық табыстан ұлғайтуды ескере отырып, 3,5 миллиард теңге көзделген. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 20 пайыз кем емес қоса қаржыландыру түрінде қаражат көздеу қажет, - деді Альмира Мусинова.


Ажар Сағатбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу