Өскеменде «Жазғы олжа – 2025» балықшылар фестивалі өтті
Өскеменде «Көгілдір көлдер» архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында жыл сайынғы қалқымалы қармақпен әуесқой балық аулау фестивалі өтті. «Жазғы олжа – 2025» сайысына түрлі жастағы 102 әуесқой балықшы – балалар, әйелдер, ардагерлер мен ерлер қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күннің басты қуанышы – салмақты олжалар мен қызықты сәттер болды. Әр балықшының мақсаты – өз санатында үздік атану ғана емес, табиғат аясында жақсы көңіл-күй сыйлау болды.
Жеке біріншілік жеңімпаздары:
1 орын – Владимир Литау («Ардагер-балықшылар»), 2 кг 456 г
2 орын – Тимофей Аксенов («Жас балықшы»), 2 кг 380 г
3 орын – Сергей Минаев («Ерлер-балықшылар»), 1 кг 765 г
Арнайы номинациялар:
«Тұңғыш ауланған балық» – Михаил Пакирев (5 минутта)
BIG FISH – Тимофей Аксенов, 331 г табан балығы
Жеңімпаздар @QARMAQ_UKA балық аулау, аңшылық және туризм дүкенінің демеушілігімен дайындалған грамоталармен, естелік мүсіншелермен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.