KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
499.11 521.12 5.58

ШҚО-да мұз астынан балық аулау чемпионаты өтті

Бүгін, 11:30 50 Әбішев Ержан

Өскемен қаласында мұзасты балық аулау бойынша Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Оны Шығыс Қазақстан облысының спорттық балық аулау федерациясы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

– Бұл жарысты өткізу үшін біз карьерлерді таңдадық. Мұнда су айдыны кең, балық түрлері әртүрлі, әрі ең бастысы, қала аумағында орналасқан. Күн түске қарай жылынып, желсіз ауа райы спортшыларға шеберліктерін көрсетуге қолайлы жағдай жасады, – дейді ШҚО спорттық балық аулау федерациясының президенті Александр Гуляев.

Жарыс өткізілген су айдындары спорттық балық аулау талаптарына толық сәйкес келді. Мұнда тереңдігі 2-ден 12 метрге дейінгі аумақтар қамтылды.

Чемпионатқа 11 команда қатысты: 8 команда Өскеменнен, 1 команда Семейден, 1 команда Аягөзден және тағы 1 команда Самар ауылынан келді.
33 спортшы балық аулауда шеберліктерін сынап, Шығыс Қазақстан облысының құрамасына кіру үшін жарысты. Жеңімпаздар енді Қазақстан Республикасы чемпионатында шеберлер командасы арасында бақ сынауға мүмкіндік алады.

Арнайы жүлделер:
«Алғашқы ауланған балық» номинациясы – Владимир Солодин («Подводные Разбойники» командасы), нәтижесі – 180 секунд.
«Ең ірі балық» жүлдесі – Владимир Горохов («Парус» командасы), 125 грамм (рипус балығы).
Жекелей есеп қорытындысы:
3-орын – Юрий Разбойников («Подводные Разбойники»).
2-орын – Максим Гончаров («Спортивная рыбалка ВКО»).
1-орын және бас жүлде – Александр Леонтьев («Лещатники»).

Командалық есеп қорытындысы:
3-орын – «Подводные Разбойники» (Юрий Разбойников (капитан), Вера Лучинович, Владимир Солодин).
2-орын – «Спортивная рыбалка ВКО» (Арсений Давыдов (капитан), Иван Фисенко, Максим Гончаров).
1-орын және ШҚО чемпионы атағы – «Лещатники» (Александр Леонтьев (капитан), Дмитрий Кретинин, Игорь Гребенщиков).

Жеңімпаздар ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ШҚО спорттық балық аулау федерациясы атынан дипломдар, медальдар және кубоктармен марапатталды.

Фото: ШҚО спорттық балық аулау федерациясы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу