Өскеменде Дүниежүзілік туризм күніне арналған фестиваль өтеді
27 қыркүйекте Өскемен қаласында Дүниежүзілік туризм күніне орай мерекелік фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс орталығындағы этнопарк алаңында өтетін шараға Қазақстанның әр өңірінен қонақтармен қатар шетелдік туристер де келеді. Мерекеге Қазақстандағы шетелдік елшіліктердің өкілдері мен Үкімет мүшелері қатыспақ. Сондай-ақ туризм саласының дамуына үлес қосқан кәсіпкерлер мен сала мамандары марапатталады.
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Шығыс Қазақстанға 100 мыңға жуық турист келген. Оның ішінде 95 мыңы – отандық, 4 мыңы – шетелдік қонақтар. Сондай-ақ туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 49,7%-ға өсіп, 15 млрд теңгеге жеткен.