Бейресми әңгіме барысында облыс әкімі аналардың хал-жағдайын біліп, тілектерін тыңдады. Өзі де көпбалалы әке екенін айта келе, бала тәрбиесі тек күш пен сабырды ғана емес, жүректің кеңдігін де қажет ететінін атап өтті.
Шығыста көпбалалы аналарға «Алтын алқа» табысталды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі көпбалалы аналарға салтанатты түрде «Алтын алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әкімнің айтуынша, мемлекет әрдайым аналардың мәртебесін көтеруге, көпбалалы отбасыларды қолдауға баса мән береді. Бұл қолдау жәрдемақылар, әлеуметтік жеңілдіктер, салықтық жеңілдіктер сияқты түрлі шараларды қамтиды.
— Сіздер елдің демографиясына үлкен үлес қосып, өскелең ұрпақты еңбекқор, білімді әрі отаншыл етіп тәрбиелеп отырсыздар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та, мемлекет те әрдайым көпбалалы отбасыларға айрықша көңіл бөледі. Өйткені аналар мен олардың еңбегі – елдің берекесі мен болашағының негізі, — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Қазір облыста 12,9 мың көпбалалы ана бар. Олардың 1,5 мыңы — «Алтын алқа», 2,9 мыңы — «Күміс алқа» иегері. Ал 8,5 мың отбасының 4 және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар.
— Аналардың өмірлік даналығы мен берген тәлімі — ұлттың қазынасы. Бүгін біз ерекше еңбегімен көзге түскен аналарды құрметтеп отырмыз. Бұл — мемлекет пен халықтың сіздерге деген жоғары бағасы, — деді аймақ басшысы.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» иегері атанғандар:
-
Нұрсәуле Батырбек (Глубокое ауданы)
-
Аяулым Бердібекова (Өскемен)
-
Шарь Дагастан (Ұлан ауданы)
-
Айгерім Қалиғазинова (Өскемен)
-
Сауле Қамбарова (Ұлан ауданы)
-
Динара Шәкетаева (Өскемен)
-
Ольга Янцен (Глубокое ауданы)
— Біз Түркістан облысынан Ұлан ауданына қоныс аудару бағдарламасымен келдік. Бізді жеке қабылдап, осындай жоғары награда бергендеріңізге, балаларымыз жайлы әңгімелескеніңізге рақмет. Бұл — біз үшін үлкен мәртебе, — деді Сауле Қамбарова.
«Алтын алқа» — Қазақстандағы жоғары мемлекеттік марапаттардың бірі. Ол жеті және одан көп бала туған және тәрбиелеген аналарға беріледі. Бұл — аналардың ерлігі мен отбасыға деген адалдығының белгісі. Белгі жезден жасалып, шетін ұлттық өрнек көмкерген. Ортасында сәби бейнесі мен күннің шапағы бейнеленіп, көк түсті лентаға алтын түсті сызық жүргізілген.
Бұл марапат — жай ғана металл мен лента емес, көпбалалы аналардың күнделікті еңбегіне, сабырына, мейіріміне деген алғыс пен құрметтің символы.
Дамир Омаров
Аударған: Жайна Сыранова
Фото: Махаббат Ахметжанова
Видео: Руслан Акматалиев
Оқи отырыңыз
Күршімде сайлауға келген көпбалалы аналарға сыйлықтар табысталдыЖыл басынан бері еліміздегі көпбалалы отбасыларға 304 млрд теңгеден астам жәрдемақы төлендіШҚО-да көпбалалы аналар 8 наурызға орай бір реттік төлем аладыЖалған хабарға сенбеңіз: көпбалалы отбасылар жәрдемақысыз қалмайдыШҚО-да 12,6 мың анаға жәрдемақы берілді














