ШҚО ТЖД тұрғындарға дауылды ескерту жасады
«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 18 тамыз күні облыстың бірқатар аудандарында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында да 18 тамыз күні найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді:
-
найзағай кезінде үйде болған жөн, терезе мен есікті жабыңыз, электр құрылғыларын токтан ажыратып, пайдаланбаңыз;
-
металл қоршаулардың, шатырлардың, электр өткізгіштердің қасында тұрмаңыз;
-
қатты желде сымдарға, ағаштарға және аялдамаларға жақындамаңыз;
-
өрт қауіпсіздігін сақтаңыз: қоқыс, құрғақ шөп пен қамыс жақпаңыз, темекі тұқылын және шыны ыдыстарды тастамаңыз;
-
саяжайларда алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.