KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 4 м/с, В
522.38 612.6 6.54

ШҚО-да найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі

Фото: pexels.com

27.06.2025, 08:00 259 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстанда ауа райы күрт құбылады. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 27 маусым күні облыстың бірқатар аймағында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Түнгі уақытта облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай күтілсе, күндіз найзағаймен бірге бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді.

Өрт қаупі де сейілмей тұр. Облыстың солтүстігінде – жоғары, ал оңтүстік-шығысында – төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскемен қаласында да ауа райы қолайсыз болады: найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел бағытын өзгертіп, екпіні 15–20 м/с-ке жетеді.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақ болуға кеңес береді:

  • Найзағай кезінде далада жүрмеңіз. Үйде болсаңыз – терезе мен есікті, түтін шығатын құбырларды жауып, электр құралдарын сөндіріп қойыңыз;
  • Металл қоршаулар мен электр сымдарына жақындамаңыз, аялдама артында, ағаш астында тығылмаңыз;
  • Қатты жел тұрған кезде көшедегі сымдарға, құлап кетуі мүмкін заттарға жақындамаңыз;
  • Өрт қаупі жоғары кезде – құрғақ шөп пен қамысты өртеуге, үй айналасында от жағуға болмайды. Темекінің тұқылын немесе әйнек қалдықтарын жерге тастамаңыз.

Егер төтенше жағдай туындаса, бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу