KZ
Өскемен
-26°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
518.39 603.09 6.68

Энергетика министрі ШҚО-дағы жылу электр орталықтарының жұмысын тексерді

19.08.2025, 18:10 966 Әбішев Ержан


Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жұмыс сапарымен өңірге келді. Ол Риддер мен Өскемендегі жылу энергетика нысандарын аралайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сапардың алғашқы нысаны Риддер қаласы болды.  Министр мұнда соңғы жылдары бірнеше рет жылу беру барысында ақаулар тіркелген жергілікті жылу электр орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ делегация жылу желілерінің учаскесі мен «Л-ТВК» ЖШС қазандығын көрді. Бұл нысандар қаланың елеулі бөлігін жылумен қамтамасыз етеді.

Ерлан Ақкенженов сондай-ақ облыс орталығы үшін негізгі нысандардың бірі болып саналатын Согра жылу электр орталығына бармақ. Бағдарлама аясында Өскемен ЖЭО-ға, жылу желілерін жөндеу учаскесіне және қаланың №2 қазандығына да бару жоспарланған.

Айта кетейік, елімізде жылу электр орталықтарының сенімділігі мен техникалық дайындығын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстандағы ЖЭО-лардың орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға төмендеген. Бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылып жатқан жабдықтарды жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралардың нәтижесінде мүмкін болды.

Сондай-ақ өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша бірқатар жылу энергетика нысандарының техникалық жағдайы жақсарды, еліміздегі 9 ЖЭО қызыл аймақтан сары аймаққа өтті, олардың қатарында Риддер ЖЭО да бар.

Дамир Омаров
Фото: автордан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу