Риддер ЖЭО мемлекетке 1 теңгеге сатылды
Риддер жылу электр орталығының инвесторы Әміржан Нәбиев аталған нысанды мемлекетке 1 теңгеге сату туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
- Риддер жылу электр орталығын қалпына келтіру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен ауқымды қаражат бөлінді. Жылу орталығы іс жүзінде бюджет қаражаты есебінен қалпына келтірілді. Аталған объект инвесторы өз еркімен, Үкімет резерві есебінен бөлінген міндеттерді жабу үшін жылу орталығын мемлекетке 1 теңгеге беру туралы шешім қабылдады, - деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев.
Сондай-ақ Энергетика министрі Риддер жылу электр орталығының инвесторы Әміржан Нәбиевтің ерікті түрде кеткенін атап өтті. Ол қарыздардың едәуір сомасын және жылу орталығы алдындағы 5 млрд теңгеден астам берешекті өтеген.
Оқи отырыңыз