Отпен арпалысу осалдың ісі емес
Өрт сөндіруші – адамдардың өмірін қорғап, өз өмірін қауіп-қатерге тігетін батыл мамандықтардың бірі. Бұл жолды жүрек қалауымен таңдағандар ғана қиындыққа төтеп беріп, қоғамға адал қызмет ете алады. Өскемендегі №7 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ерлік Жағыпаров – сондай маман. Ол жас кезінен бастап адамдарға көмек көрсетуді армандап, бүгінгі күні сол ісін абыроймен атқарып жүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ерлік маман ретінде қалыптасудың барлық сатысынан өткен. Аталмыш өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінде жұмыс көп, шақыртуларға жиі барады. Мектепте жүргенде-ақ Ерлік адамдарға көмектескісі келетін. Бұл ойы асқақ арманға айналды. Мектептен кейін ол заңгер, кейін өрт қауіпсіздігі инспекторы мамандығын меңгеріп, сосын саналы түрде құтқарушылар қатарына қосылды.
Ерлік жұмыс барысында бірнеше рет адамдарды ажалдан құтқарған болатын.
Былтыр кондитерлік қоймада болған өрт пен осы жазда көпқабатты үй шатырының өртенуі әлі есімде. Қиын жағдайда тәжірибе жинақтауға тура келді, бірақ үйлесімді іс-қимылдың арқасында өрттерді сөндіріп, жұмысты абыроймен орындадық.
Ерлік Жағыпаровтың айтуынша, оған атқа міну психологиялық тұрғыдан демалуға көмектеседі. Бұл хоббимен қызметтен бос уақытта айналысады.
Ерлік Жағыпаровтың еңбек жолы – нағыз жүректегі мамандықтың үлгісі. Қауіп пен жауапкершілігі қатар жүретін өрт сөндіруші қызметінде ол талай жанды құтқарып, төтенше жағдайларда ерлік көрсетті. Қызметіне адалдық пен отансүйгіштік қасиет оның әрбір ісінен көрініс табады. Сондықтан өрт сөндірушілердің еңбегі – халық үшін өлшеусіз, ал Ерліктің өзі – мамандығын жүрекпен таңдаған қайсар азамат.


