KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы: Шемонаихада жаңа қонақ үй іске қосылды

22.08.2025, 09:30 241 Төлеуғазы Жансая

«AMANAT» партиясының «Ауыл Аманаты» жобасы жергілікті кәсіпкерлікті қолдап, өңірдің дамуына жаңа серпін беруде. Бағдарлама аясында Шемонаиха қаласындағы «Антарес» қонақ үйін жабдықтау үшін 8,4 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қонақ үйдің жалпы аумағы – 780 шаршы метр. Нысан 18 нөмірге, 48 төсек-орынға есептелген. Сонымен қатар, аумағында 50 автокөлікке арналған тұрақ пен жылы гараждар қарастырылған. Бүгінде 6 нөмір қонақтарға пайдалануға беріліп, әрлеу жұмыстары жалғасуда. Қажетті жабдықтар сатып алынып, мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасалған.

Алдағы уақытта мұнда:

  • SPA-салон,
  • бассейні бар монша,
  • кәдесый дүкені ашылып,
  • қаланың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
– «Ауыл Аманаты» бағдарламасы арқылы өз ісімді дамытуға үлкен мүмкіндік алдым. Біз тек қонақ үйді жайлы етуге ғана емес, Шемонаиханың туристік тартымдылығын арттыруға да үлес қосуды көздеп отырмыз. Алдағы жоспарымыз – қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетіп, өңірдің туристік әлеуетін дамыту»,- деді «Ауыл Аманаты» жобасының қатысушысы Марина Блок.

Бұл жоба – «Ауыл Аманаты» бағдарламасының ауыл-аймақтардағы кәсіпкерлікті қолдаудағы нақты нәтижесінің бір көрінісі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу