KZ
Өскемен
-1°
дымка жел 1 м/с, В
496.41 542.77 6.05

Шемонаиха кәсіпкерлері «Ауыл Аманаты» аясында кәсібін кеңейтуде

Бүгін, 11:00 60 Гульжан Мусина

Ауыл халқының  табысын арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылы іске қосылды. Жаңа мемлекеттік бағдарлама арқылы  жеңілдетілген 2,5% төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алып ауылдықтар өз кәсібін бастауда.

Шемонаиха ауданында кәсіпкер Серохвостов Алексей Владимирович 2016 жылдан бері қақталған өнімдерді өндірумен айналысады. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында «Шұжық және қақталған өнімдер шығаратын цехты қайта жаңғырту және жабдықтар сатып алу» жобасын іске асырды. Жаңа жабдықтар өндіріс көлемін ұлғайтуға және өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама арқылы алған қаражатқа төмендегідей кәсібіне қажетті құрал жабдықтар сатылып алынған.
✅ Салқындатқыш жабдық
✅ Компрессор
✅ Гидравликалық шприц
✅ Куттер (етті ұсақтауға арналған құрылғы)
✅ Механикалық клипсатор
✅ Слайсер (етті турауға арналған құрылғы)
✅ Өндірістік еттартқыш (сағатына 600 кг өңдеу мүмкіндігі бар)

Қазіргі уақытта жабдықтар орнатылып толықтай тексеруден өткізілді. Цехты іске қосу 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған.
 «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында «Атамекен» РПП-ға Шемонаиха ауданынан 5 жоба мақұлданып, 38,63 млн теңге несие берілген.

- Бұл бастама – шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен мүмкіндік береді, – деп атап өтті Шемонаиха аудандық «АМANAT» партиясы филиалының төрағасы Елена Шабанова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу