Оқушылардың қауіпсіздігі үшін: Өскеменде мектеп кіреберістері жаңғыртылуда
pexels.com
Өскемен қаласында оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін мектептерге кіреберістерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 17 білім беру мекемесі қамтылып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта №20, №1, №3 және №43 мектептерінде құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Ал №14 және №12 мектептерінде жарықтандыру желілеріне қосу жұмыстары жалғасуда.
Жалпы жоспар бойынша оқу орындарының кіреберістерінде 172 тіреу бағаны мен 179 жарық шамы орнатылады. Бұл балалардың мектепке қатынауын барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге бағытталған.
Жұмыстар белгіленген мерзімде, яғни 2025 жылғы 30 тамызға дейін толық аяқталуға тиіс.
Видео: Өскемен қаласы әкімдігі