Өскеменде бірқатар нысандарда жөндеу жұмыстары аяқталып қалды (видео)
Өскеменде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» аясында жөнделген нысандардағы құрылыс жұмыстары аяқталуға шақ қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін қала әкімі Жақсылық Омар сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №62 балабақшада болды. Мұнда ғимараттың шатыры күрделі жөндеуден өтіп, барлық терезелері ауыстырылды.
Сонымен қатар, Михаэлис 13, 15 және Виноградов 16/1, 18 мекен-жайларындағы екі ауланы абаттандыру бойынша жұмыстар да соңына таяды. Аула арасындағы көлік жолдары кеңейтіліп, балаларға арналған алаңдар орнатылды. Қазір жарықтандыру тіректерін орнату және қосу жұмыстары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз