Өскемендегі балалар 1 қыркүйектен бастап автобуста тегін жүре алады
altainews.kz
Өскеменде 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін қатынау үшін арнайы карталармен қамтамасыз етіледі. Жаңа ереже 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, алғашқы кезеңде кейбір қиындықтар туындауы мүмкін.
– Барлық тасымалдаушылармен жиналыс өткізуіміз қажет. Себебі кондукторлар ақша төлемеген балаларды автобустан түсіріп кетпеуі тиіс. 1 қыркүйектен бастап балалардың тегін жүретіні туралы хабар берілді, – деді әкім.
Балаларға арнайы карта беріледі. Олар автобусқа мінгенде картасын валидаторға тигізіп, сапарын тіркеуі керек. Жолақысы тасымалдаушыға қалалық бюджет есебінен өтеледі.
Оқи отырыңыз
ҚТЖ-да қай жастағы балалар пойызда тегін жүре алатыны айтылды7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікпен тегін жүрмек – ӨскеменӨскеменде оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүрмекАзық-түлік, гигиеналық құралдар, жол ақысы. Табысы аз отбасыларға көмек көрсетіледіӨскемен қаласында 18 жасқа дейінгі балаларға қоғамдық көлікте тегін жүру енгізілмек