KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Қыс қыр астында: үйіңіз жылу беру маусымына дайын ба? – Өскемен 

stock.adobe.com

10.09.2025, 13:30 233 Әбішев Ержан

Өскемен қаласын жылу беру маусымына дайындау штабының кезекті отырысында жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер және тұрғындар өкілдері жұмыс барысын талқылап, тәжірибе алмасты. Тұрғындар дайындық барысын жеке кабинет немесе мобильді қосымша арқылы бақылай алады. Сенімді жылу беру үшін қажетті жөндеу жұмыстары көктемнен бері жүргізіліп жатыр. «Шығыс Жылу» кәсіпорны барлық тұрғындарды дайындыққа белсенді қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Жылу беру маусымына дайындық жөніндегі штаб отырыстары тұрақты өткізіледі. Оған жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық қызметтердің, пәтер иелері кооперативтерінің және мүлік иелері бірлестіктерінің өкілдері қатысады. Бұл кездесулер – өзекті мәселелерді шешудің маңызды алаңы.

Тұрғындардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру және жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Шығыс Жылу» АҚ бірнеше сервистер арқылы дайындық барысын бақылауға мүмкіндік береді. Олар – кәсіпорынның сайтындағы жеке кабинет, Play Market және App Store арқылы жүктеп алуға болатын мобильді қосымша.

Сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін жылу шаруашылығы бойынша жауапты тұлғаларға қажетті жұмыстар тізімі бар жадынама қолхатпен берілді. Бұл жұмыстар жазғы жөндеу науқаны кезінде басқару органының персоналы (пәтер иелері кооперативі, мүлік иелері бірлестігі, қарапайым серіктестік) арқылы жүргізіледі. Негізгі жұмыстарға жылу жүйелері мен тораптарының беріктігін гидравликалық сынақтар арқылы тексеру, жылу жүйелерін жуу, жылу оқшаулауын қалпына келтіру, дроссельдік құрылғыларды тексеру, орнатылған өлшеу құралдарын калибрлеу кіреді. Дайындықтың соңғы кезеңі – жылу жүйелері қосылғаннан кейін үй ішіндегі жылыту және ыстық су жүйелерін реттеу.

Жылу беру маусымына жұмыстарды тапсыру үшін тұрғын жеке кабинет немесе мобильді қосымша арқылы өтініш бере алады және олардың статусын бақылай алады. Мобильді қосымша қызметтерге және ақпаратқа жылдам қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жүйеде техникалық ақаулар туындаған жағдайда өтінішті 701722 (ішкі 4411 немесе 4418) телефондары арқылы техникалық қызметкерлерге беруге болады.

«Шығыс Жылу» АҚ барша тұрғындарды және басқарушы компанияларды дайындық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырады, бұл жылу беру жүйелерін уақытында қосуға, жылыту маусымын жайлы әрі қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді.

«Шығыс Жылу» АҚ – жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және қамтамасыз ету бойынша табиғи монополия субъектісі. Кәсіпорын балансында жалпы қуаты сағатына 224 гигакалория болатын 8 қазандық, 450 км жылу желілері, 15 жылу сорғы станциясы, 11 орталық жылу пункті енеді. 122 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 3665 заңды тұлға, 119 мың жеке тұлға бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу