KZ
Өскемен
-8°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

ШҚО-да күнбағыс майының бағасына байланысты тексеріс басталды

stock.adobe.com

10.09.2025, 12:30 187 Айна Бакимбаева

Жыл сайын күз кезінде күнбағыс майының бағасы әртүрлі деңгейде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бәсекелестікті дамыту үшін кедергілерді анықтау мақсатында күнбағыс майының сатылуына талдау жүргізуді бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО – күнбағыс пен рапс сияқты майлы дақылдарды өсіруде алдыңғы қатарда тұрған өңір. Тіпті экспортқа шығару әлеуеті де бар. Сондықтан бұл салада әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету маңызды болып отыр.

- Талдау қорытындысы бойынша нарыққа кіру, бәсекелестік ортаны дамыту және монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың болуын не болмауын анықтау үшін кедергілерді жою жөнінде ұсынымдар дайындалатын болады. Бұзушылық белгілері анықталған жағдайда Департамент монополияға қарсы әрекет ету шараларын қабылдайды, - деді департаментте.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу