Төлем тәсілі бағаға әсер етпеуге тиіс
stock.adobe.com
Картамен төлеу кезінде баға қолма-қол ақшадан жоғары көрсетілсе, бұл тұтынушы құқығын бұзу болып саналады. Сатушы кез келген төлем тәсіліне бірдей бағаны ұсынуға міндетті, ал бұзушылық болған жағдайда тұтынушы мемлекеттік органдарға шағымдана алады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай шағымдар кезінде сатушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, артық төленген соманы қайтаруға міндеттеледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тауарларды сатып алу кезінде тұтынушылар тауардың құны төлеу тәсіліне байланысты жағдайға тап болады: қолма-қол ақшамен есептеу кезінде баға банк картасын пайдаланғанға қарағанда төмен. Бұл сатушылар тарапынан осындай әрекеттердің заңдылығы туралы сұрақтар туындатады.
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның 40-бабының 3-тармағына сәйкес сатушылар, жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар болсын төлем тәсіліне қарамастан тауарларды бір бағамен сатуға міндетті. Бұл картамен төлеу кезіндегі баға қолма-қол төлеу кезіндегіден жоғары болмайды дегенді білдіреді.
Қосымша, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 24-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы) тауарды сауда нысанының ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында орналастырылған таңбада көрсетілген бағамен сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.
Осылайша, картамен төлеу кезінде жоғары баға белгілеу – тұтынушылардың құқықтарын бұзу. Бұл тауарларға да, қызметтерге де қатысты.
Егер тұтынушы тауардың бағасын төлеу тәсіліне байланысты жағдайға тап болса, ол сатушыға бұзушылықты жою және келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 42-4-бабының 3-тармағына сәйкес, егер сатушы он күнтізбелік күн ішінде наразылыққа жауап бермесе немесе бұзушылықты жоюдан бас тартса, тұтынушы уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
Бұл ретте өтінішті қарау кезінде пайдаланылуы мүмкін фото, бейне, аудио жазбалар мен чектерді дәлел ретінде сақтау қажет.
Мысалы, Сауда және инте-грация министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне авиабилеттерді сатып алу мәселесі бойынша тұтынушы жүгінген. Өтінішке сәйкес, авиабилеттерді сатып алу үшін қолма-қол ақша төлеу кезінде туристік агенттік құннан 3% жоғары есептеп, тұтынушының құқықтарын бұзған.
Тұтынушы шағыммен жүгінген кезде туристік агенттік шағымға жауап беру мерзімін бұзды. Департамент шағымға жауап бермеу фактісі бойынша белгіленген мерзімде осы агенттікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша туристік агенттік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және артық есептелген соманы қайтару туралы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Осылайша, департамент тұтынушының құқығын толық қорғады.
ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті