KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Шығыс Қазақстанда жем-шөп дайындау жұмыстары аяқталды

15.09.2025, 12:00 192 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысы 2025-2026 жылғы қысқы маусымға мал азығын дайындау бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, өңір жоспарды толық орындап, тұрақты жем-шөп қорын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Ел бойынша жалпы 28,9 млн тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде негізгі көлемді 23 млн тонна шөп құрап отыр, Бұл жоспардың 93,6 пайызына тең. Сонымен қатар 1,8 млн тоннадай пішен (105,5%), 1,4 млн тонна құрама жем (24,5%), 1 млн тонна сүрлем (50,8%) және 1,8 млн тоннадан астам сабан (39,2%) жиналды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының (116,2%), сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласының белсенді жұмысын атап өтті. Бұл өңірлер жоспарды 100 пайыз орындады. Жиналған азық мал басын сақтауға, жоспарланған өнім мен төл алуға мүмкіндік береді.
Ведомство республика бойынша мал азығы қорының мол екенін атап өтті. Алдағы негізгі міндет – сүрлем мен сабанның қалған бөлігін дайындауды аяқтап, қысқа жеткілікті қор жинау және мал шаруашылығын үздіксіз қамтамасыз ету.

Дамир Омаров
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу