KZ
Өскемен
-22°
туман жел 2 м/с, С
508.91 594.36 6.33

Қазақстанда 3,1 млн тонна астық жиналды

depositphotos.com

26.08.2025, 17:00 251 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, еліміздің 15 өңірінде дәнді және майлы дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін 2,2 млн гектар жер орылып, бұл жалпы егіс алқабының 13,7%-ын құрайды. Нәтижесінде 3,1 млн тонна астық бастырылды.

Жақсы өнімділік көрсетіп отырған аймақтар қатарында Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары бар.

Сонымен қатар, 24,4 мың тонна майлы дақыл, 525,5 мың тонна картоп, 1,6 млн тонна көкөніс және 1,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Атап айтқанда, көкөніс өнімдерінен де жоғары көрсеткіш тіркелді. Мәселен, гектарынан 375,4 центнер өнім алған шаруалар 319,5 мың тонна қырыққабат жинап алды. Сондай-ақ, гектарынан 390 центнер өнім беріп 256,7 мың тонна пияз, гектарынан 298,1 центнер өнім беріп 98,8 мың тонна сәбіз алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу