KZ
Өскемен
-5°
снег жел 8 м/с, З
512.81 604.19 6.57

Өскеменде орманды қалпына келтіруге арналған экологиялық акция өтеді

depositphotos.com

17.09.2025, 09:00 161 Төлеуғазы Жансая

19 қыркүйек күні Өскеменнің қасында орналасқан Быструха ауылы маңында орманды қалпына келтіруге арналған үлкен шара өтпек. Бұл – табиғатқа қамқор болып, болашаққа жасыл мұра қалдырудың бір жолы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Орманды қалпына келтіруге арналған ауқымды акция өтеді. Баршаңызды жаңа ағаштар отырғызып, табиғатты бірге қорғауға шақырамыз! – дейді ұйымдастырушы «Қоғамның экологиялық даму орталығы».

Бұл шараға кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Ең бастысы – табиғатты жақсы көру және аз уақыт бөлу. Арнайы тегін автобус ұйымдастырылған, сондықтан көлік жайлы ойламай-ақ қойсаңыз болады.

Жиналу таңғы сағат 9:00-де Өскемендегі Борис Александров атындағы спорт сарайының алдында болады. Ал шара өтетін орынға келу уақыты – сағат 10:00.

Мұндай акциялар орманды ғана емес, адамдарды да біріктіреді. Бірге ағаш отырғызған сайын табиғатқа жақындаймыз, туған жерімізді көркейтуге үлес қосамыз. Әр отырғызылған жас көшет – болашақ ұрпаққа қалатын аманат.

Қосымша ақпаратты @cero.kz парақшасынан біле аласыз.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу