KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 4 м/с, З
509.84 595.75 6.47

«30 ізгі іс»: ШҚО құтқарушылары балаларға қауіпсіздік мәдениетін насихаттады

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД
17.09.2025, 14:00 188 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына және «30 ізгі іс» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары Өскемен қаласындағы «Үміт» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кездесу барысында мамандар балалар мен тәрбиешілерге өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдай орын алғанда қалай әрекет ету керектігін жан-жақты баяндады. Балаларға өрт сөндіргіш құралдарын дұрыс пайдалану жолдары көрсетіліп, тәжірибелік жаттығулар өткізілді.

 

Сонымен қатар, жас жеткіншектердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында қызықты викториналар мен ойын түріндегі байқаулар ұйымдастырылды. Балалар белсенділік танытып, өз білімдерін шыңдады.

Іс-шара соңында құтқарушылар орталыққа шағын, бірақ аса қажетті сыйлық – заманауи өрт сөндіргішті табыс етті. Бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын маңызды құрал болмақ.

 

ШҚО ТЖД мамандары мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу