Шығыс Қазақстан құтқарушылары балалар үшін ашық есік күнін өткізді
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар балаларға есіктерін айқара ашты. «Ашық есік күні» деп аталған шарада ұл-қыздар құтқарушы мамандығымен жақынырақ танысып, түрлі техникаларды, өрт сөндірушілердің киімін және сүңгуірлердің құралдарын қолмен ұстап көрді. Бір сәтке өздерін нағыз батырдай сезінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Балаларға өртті қалай сөндіретінін, адамды судан қалай құтқаратынын және алғашқы көмек көрсетуді де көрсетті. Оған қоса, арнайы викториналар мен ойын түріндегі жарыстар ұйымдастырылды. Бұл арқылы балалар төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін үйренді.
Құтқарушылар осындай ашық күндерді жиі өткізіп тұрады. Себебі бұл балалармен жақсы қарым-қатынас орнатуға, әрі қауіпсіздік ережелерін оңай әрі қызықты түрде түсіндіруге көмектеседі.