Демалыс күні Өскеменде Үлкен Нарын ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

24 мамыр күні сағат 08:00-ден бастап Өскемен қаласындағы Жібек жолы көшесі, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» сауда орталығының аумағында Үлкен Нарын ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жәрмеңкеде тұрғындарға қолжетімді бағамен жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады. Атап айтқанда, сиыр, қой және жылқы еті, күнбағыс майы, бал, сүт өнімдері секілді таза әрі экологиялық таза тауарлар саудаға шығарылады.
Сонымен қатар жәрмеңке аясында аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.
Жергілікті өніммен танысып, мәдени шаралардан рухани ләззат алу үшін баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз!
Өтетін орны: Өскемен қаласы, Жібек жолы көшесі, 44 («Алтай» сауда орталығы)
Басталу уақыты: 2025 жылғы 24 мамыр, сағат 08:00