KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Салық қарызы үшін шетелге шығуға тыйым салынады

stock.adobe.com

18.09.2025, 13:00 168 Төлеуғазы Жансая

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде берешекті өндіріп алу тетіктері күшейтілмек. Бұл туралы ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа құжатқа сәйкес, қарыз мөлшері 20 АЕК-тен аспаса, азаматтарға тек өсімпұл есептеліп, хабарлама жолданады. Ал берешек 45 АЕК-тен асқан жағдайда, банктік шоттар бұғатталып, мүлікті тәркілеу шаралары қолданылады.

Егер азаматтың қарызы 27 000 АЕК-тен асып, үш айдан артық өтелмесе, сот шешімімен борышкердің шетелге шығуына тыйым салынады. Бұған дейін салық органдары қарыздың пайда болғаны туралы ескерту мен хабарлама жіберуге міндетті.

Сонымен қатар, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған салық төлеушілер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Енді қарызды кепілсіз 1 500 АЕК-ке дейін бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады.

Импортерлер үшін де қолдау бар: өнім өндіруге арналған шикізат пен материалдарға қосылған құн салығын төлеуді кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Кейбір жағдайларда (еңбек өтілі, жұмысшылар саны, негізгі құралдардың болуы) мұндай жеңілдік банк кепілдігінсіз де беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу