KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 3 м/с, В
513.55 602.09 6.42

Өскеменде достық футбол ойыны өтеді

сурет нейрожелімен жасалған

17.09.2025, 18:30 183 Төлеуғазы Жансая

Ертең, 18 қыркүйекте сағат 11:00-де Өскемен қаласындағы Бұқаралық спортты дамыту орталығында (Стаханов көшесі, 3) «MAMAN CUP» достық мини-футбол матчы болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл алаңға облыстың түрлі зауыт-фабрикаларында, кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген жас мамандар шығады. Ойын – биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Жастар футбол алаңында жарысып қана қоймай, еңбекқорлық пен өз ісінің маманы болудың қадірін тағы бір мәрте көрсетпек.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында: “Біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады” деген болатын.

Шараны Өскемен қаласы әкімдігі мен Бұқаралық спортты дамыту орталығы бірлесіп ұйымдастырып жатыр.

Бұл матчтың басты мақсаты – жастар арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар қарапайым еңбек иелеріне деген құрметті арттыру.

Ойын тартысты өтеді деп күтілуде. Жанкүйерлер трибунадан өз командаларын қолдай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақта «MAMAN CUP» турнирі кеңейіп, қатысушылардың саны да артуы мүмкін.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу