KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
526.81 542.72 5.16

Бұқаралық спорт дами түсуде

13.12.2024, 10:45 51 Гульжан Мусина

Верхнеберезовский ауылында футбол алаңы ашылды.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Глубокое ауданындағы Верхнеберезовский ауылында шағын футбол алаңына толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ауылда футбол ойнауға әуес балалар өте көп екен. Жаңа алаң жас жеткіншектерге жаңа леп берді.

- Футбол – ел аузында жүрген, әлем бойынша көрермені көп, танымал спорт түрі. Бұл заманауи спорт нысаны жаттығулар мен жарыстар үшін ғана емес, сонымен қатар спорт әуесқойлары мен салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін ашылып жатыр. Бұл алаң жаңа жеңістердің, берік достықтың және үлкен жетістіктердің бастамасы болсын! - деді Глубокое ауданы әкімі аппараты жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің төрағасы Александр Павлов.

Футбол алаңын жаңғыртуға аудандық бюджеттен 7 млн 986 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа спорт алаңының фундаменті қайта құйылып, қашалары көтеріліп, үш қабатты желек төселді. Футболмен әуесқой айналысатын жастар кешқұрым ойнау үшін 6 столб жарық шамдары тартылды. 

- Біздің кентте футболға қызығушылық танытып жүрген жастар көп. Жаңа алаң олардың қатарын арттырады деген сенімдемін. Бұл жер бастауыш мектеп бала-бақша кешенінің аумағында орналасқан. Аудандық техникалық колледжде осы маңда. Колледж студенттерінің арасында футбол ойынына әуес жандар өте көп. Олар аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі оралып жүрген мықты футболшылар. Сондықтан алаң ашылған соң қарай олардың үздіксіз дайындықтарын бастауыш мектеп оқушылары көріп, футбол ойынына қызығушылықтары артатынына сенімдімін, - деп қосты Верхнеберезовский ауылының әкімі Айдын Манатбекұлы.

Салтанатты ашылуға орай аудандық футбол біріншілігі ұйымдастырылды. Жарысқа Верхнеберезовский ауылынан 3 команда, Предгорное, Перевальное ауылдарынан және Өскемен қаласынан командалар қатысты.

- Маған футбол ойнаған ұнайды. Бізге осындай жаңа, ыңғайлы алаң ашып бергеніне қуаныштымын. Енді бос уақытымызды осы алаңда өткізетін шығармыз, - деп атап өтті Верхнеберезовский  ауылының тұрғыны Ақжан Жомартұлы.

Жарыстың демеушісі футбол алаңының құрылысын жүргізген «Госстрой» ЖШС болды. Сонымен қатар, ойыншыларға 30 доп сыйға тартылды.

Айта кету керек, Глубокое ауданында 26 футбол алаңы бар. Биыл Березовка және Перевальное ауылдарында футбол алаңдары салынып, Верхнеберезовский ауылындағы алаңға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Ақерке Рағызбаева

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу