Өскеменде әйгілі “Mamma Mia!” мюзиклі сахналанды
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры қыркүйек айында көрермендерге әлемге әйгілі “Mamma Mia!” мюзиклін ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қойылым барысында Швецияның аңызға айналған ABBA тобының танымал әндері – “Dancing Queen”, “Mamma Mia”, “The Winner Takes It All”, “Money, Money, Money”, “Super Trouper” шырқалды. Ән мен бидің үйлесіміне құрылған спектакльді тамашалауға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та келді.
Мюзикл махаббат, отбасы, достық пен өмірлік таңдаулар тақырыбын қозғай отырып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шығармашылық жобаға облыстық драма театрының актерлері, филармонияның солистері мен бишілері қатысты.
Айта кетейік, “Mamma Mia!” мюзиклі алғаш рет 1999 жылы Лондонда сахналанып, содан бері 50-ден астам елде көрсетіліп, әлем бойынша жүздеген миллион көрерменнің жүрегін жаулап үлгерді.
Қуаныш Рахметоллаұлы
Фото: Махаббат Ахметжанова








