KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
480.11 532.25 5.14

Өскеменде «Mamma mia!» мюзиклінің премьерасы өтеді

2.07.2024, 15:02 136 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының көрермендер залында 5 шілде күні «Mamma mia!» мюзиклінің премьерасы өтеді. Бұл мюзикл 1999 жылдан бері әлемнің 140-тан астам қаласында қойылған, деп хабарлайды  Altainews.kz сайты.

Осы уақыт ішінде мюзиклді 27 миллионнан астам адам тамашалаған.  Енді Өскемен тұрғындары мен қонақтары әлемдегі ең танымал музыкалық спектакльді тамашалау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Мюзиклдің негізін Швецияның «ABBA» тобының 22 хит әні құрайды. Оның ішінде: «Dancing Queen», «Money Money Money», «Take a Chance on Me», «The Winner Takes It All» және «Mamma Mia» бар.

Спектакльдегі диалог ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған, ал ондағы хит әндер ағылшын тілінде түпнұсқада орындалады.

Мюзиклдың қысқаша мазмұны: «Грек аралында орналасқан Доннаның тавернасында оның қызы Софи Скаймен үйлену тойына дайындалуда.  Бірақ қызы әкесі туралы ештеңе білмесе де, мерекені әкесінің қатысуынсыз өткізгісі келмеді. Табылған анасының күнделігінен Софидің әкесі болуға үш адам бар екені анықталды. Үміті үзілуге шақ қалған қалыңдық Доннаның атынан үшеуіне де үйлену тойына шақыру жібереді. Олар жастық шақты еске алу үшін аралға қуана-қуана жетеді, бірақ ешқайсысы қалыңдықтың үшеуінің біреуінің қызы болып шығатынын аңғармайды. Ал Софидің салтанатты рәсімде жанында кім болатынын анықтау үшін бір тәулік қана уақыты бар. Осылай жалғасады…»

Музыкалық спектакльге Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлері, сондай-ақ ШҚО филармониясының солисттері, әртістері және бишілері қатысады. Жақын арада жоғарыда аталған барлық ұжымдар «Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры» шаңырағында бірлесіп  жұмыс атқаратын болады.

Сонымен қатар, «Жарғанат» опереттасына, «Айсұлу» операсына қатысқан солист Арника Байбусынова және Әсел Темірованың жетекшілігімен Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің аралас хоры өздерін үшінші мәрте сахнада сынап көрмек. Дәстүрлі аспаптық бөлімді бас дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшілігімен ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі орындайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив