KZ
Өскемен
-12°
небольшой снег жел 3 м/с, ОБ
514.31 603.03 6.4

ШҚО-да профилактикалық есептегі азаматтарға электронды білезіктер қолданылуда

Фото: ШҚО ПД

18.09.2025, 17:00 203 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында учаскелік полиция инспекторлары тіркеуде тұрған азаматтарды бақылау үшін электронды білезіктерді пайдалана бастады. Жаңа әдіс Үлбі полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі тарапынан енгізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сот қаулысымен сотталғандарға белгілі бір орындарға баруға, түнгі уақытта үйден шығуға, тұрғылықты жерін ішкі істер органдарына ескертпестен тастап кетуге тыйым салынады.

 

Электронды білезіктер тәртіпке бағынуды бақылауға мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері сотталғандардың қозғалысы туралы мәліметті нақты уақыт режимінде де, өткен уақыт аралығында да көре алады.

 

Егер білезік зақымданса немесе азамат белгіленген талаптарды бұзса, жүйе бірден дабыл береді. Мұндай қашықтықтан бақылау әдістері қайталанатын құқық бұзушылық қаупін азайтып, жергілікті полиция қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу