KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
519.61 610.13 6.54

ШҚО әкімі: Артёмның жетістігі – өңір абыройын асырды

18.09.2025, 16:10 164 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Данияда өткен халықаралық EuroSkills Herning 2025 чемпионатында «Кәсіби шеберлігі үшін» медалін жеңіп алған жерлесіміз Артём Мочинскиймен жүздесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Артём – Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 4-курс студенті. Ол бұған дейін «WorldSkills Shygys 2024» өңірлік чемпионатында жеңімпаз атанып, «WorldSkills Kazakhstan 2024» ұлттық сайысында күміс медаль алған. Биыл болса, Қазақстан құрамасы сапында «Мехатроника» бағыты бойынша Данияда өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

«Жастарымыздың халықаралық деңгейде топ жаруы – ұстаздардың еңбегі мен олардың табандылығының жемісі. Артёмның жетістігі – тек колледждің ғана емес, бүкіл Шығыс Қазақстанның мақтанышы», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Өз кезегінде Артём жарыстың оңай болмағанын жасырмады. Әсіресе, үшінші күні мүлде таныс емес жабдыққа жаңа контроллерлерді қосу тапсырмасы қиынға соққанын айтты.

«Бұл сайыстардан кейін кез келген жағдайда тез шешім қабылдау қабілетім артты. Колледжді аяқтаған соң, жергілікті университетке оқуды жалғастыру ойымда бар», – деді жас талант.

Фото: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу