KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями Штиль
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да бағаларды рубльмен көрсеткен балалар дүкеніне ірі айыппұл салынды

21.09.2025, 11:00 226 Айдос Мырзахметов

Шығыс Қазақстан облысында балалар тауарларын сататын дүкен бағаларды рубльмен көрсеткені үшін айыппұл арқалады. Бұл жағдайға қатысты тұрғындар облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданған, деп хабарлайды Altainews.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында кейбір тауарларға шетел валютасымен жапсырмалар қойылғаны анықталды. Дүкен басшылығы мұны заңнаманы білмеуімен және қызметкерлердің жетіспеушілігімен түсіндірген.

Заңнамаға сәйкес, Қазақстан аумағында барлық тауар бағасы тек теңгемен көрсетілуге тиіс. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193-бабы бұл талапты бұзғаны үшін айыппұл қарастырады: шағын кәсіпкерлікке – 6 АЕК, орта кәсіпкерлікке – 10 АЕК, ірі кәсіпкерлікке – 30 АЕК. 

– Егер осындай заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі бірнеше есе артады – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 200 АЕК-ке дейін. Тексеру қорытындысында құқық бұзушылықтың қайта жасалғаны расталды. Соның негізінде дүкенге ӘҚБтК-нің 193-бабының 5-бөлігі бойынша 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,- делінген ресми хабарламада. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу