Полицейлердің формасы кез келген жерде сатыла бере ме?
Ішкі істер министрлігінің өкілдері Интернетте полицейлердің формасының сатылуы жайлы хабарламаларға қатысты тексеріп жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ҚР ІІМ сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл хабарламаларға наразылық білдіруде. Олар сатушылардың бұл әрекетінің заңды екеніне күмән келтіріп, қылмыскерлердің осы форманы сатып алуы мүмкін деп қауіптеніп жатыр.
ІІМ өкілдері ереже бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.
– Осы дерек бойынша қажетті тексерістер жүргізіп, ереже бұзғандарды жауапкершілікке тартып жатырмыз. Дәл осы жағдайға қатысты тексеріс басталды. Тек қорытындысын күту керек, – деп хабарлады Сәдубаев.