ШҚО-да 80%-дан астам бала иммундау әдісінен өтеді
pexels.com
ШҚО-да 18 жасқа дейінгі балалардың, соның ішінде 16 жастан асқан жасөспірімдердің 80%-дан астамы иммундау әдісінен өтеді. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте хабарлады.
Облысты иммундаумен толық қамтылуды қамтамасыз ету үшін жыл бойы әдістемелік жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бүгінгі күні Денсаулық сақтау басқармасының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Білім басқармасының бірлесе отырып жасаған жұмысы оң нәтижені беріп отыр.
Сонымен қатар, облыста медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл мамандар Назарбаев Университетінде тренингтен өтіп, 2023–2025 жылдарға арналған ұлттық жол картасы аясында АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу бойынша дәрістер оқытылды.