KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ықтияр хатпен жүрген қандастар қалай ем алады? 

Фото: gov.kz

8.11.2024, 16:30 90 Гульжан Мусина

Қандас мәртебесіне ие болған азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде медициналық көмек ала алады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі. 

Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы бар азаматтар тегін медициналық және фармацевтикалық көмек ала алады. Салалық сақтандыру жасап үлгермеген, елге жаңа көшіп келген қандастарды «Біз қалай ем аламыз?» деген сұрақ мазалайтыны да орынды. Жұмысқа орналасқан қандастарда медициналық сақтандырудың аударымдары жұмыс орнынан жүріп отырады. Бұл азаматтар тұрғылықты жеріндегі емханаға тіркеуге тұрып, өзіне тиесілі мединалық қызметтерді ала алады. Ал жұмыссыз қандастар, Мансап орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркеуге тұруы керек. Сол кезде міндетті сақтандыруды мемлекет төлейтін жеңілдігі бар 15 санаттағы азаматтар қатарына қосылады. Кейін ол азамат үшін де барлық медициналық қызмет түрлері қолжетімді болмақ. 

-     Қандас мәртебесін тосып жүрген азаматтар жедел медициналық көмекке жүгіне алады. Сонымен қатар, ең көп таралған ауруларды диагностикалау, жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау, инфекциялық ауруларды емдеу және тағы бірнеше тармақтар бойынша тегін ем алуға құқылы, - деді ШҚО Денсаулық сауқтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Құрмантайқызы.


Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу