KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

1,5 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері жеке меншікке берілген – министр

7.04.2021, 14:45 151

Жеке меншікке сатылған жерлердің басым бөлігі оңтүстік облыстарда орналасқан. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде 1,5 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жерлері жеке меншікте. Оның барлығы мораторийге дейін берілген.

"Осы жерлерге 128 сан алуан субъект иелік етіп отыр. Олардың ішінде заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да бар. Жердің басым бөлігі оңтүстік облыстарда жеке меншікке алынған. Жайылым жерлері де, егістік жерлері де бар. Негізі, олардың барлығы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін шикізат өндірумен айналысады. Біз оларды әкімдік арқылы, ғарыштық мониторинг арқылы бақылауда ұстап отырмыз", - деді Омаров мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетейік, президенттің тапсырмасы бойынша арнайы заң жобасы мәжілістің қарауына енгізілді. Оған сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді. Құжатта осы санатқа кіретін азаматтар да көрсетілген. Олар:

·         шетелдіктер;

·         азаматтығы жоқ адамдар;

·         шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғалары;

·         халықаралық ұйымдар;

·         халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар;

Бұдан бөлек, қандастар азаматтық алғанша ауыл шаруашылығы жерлерін жалға ала алмайды.

Жер туралы заңның атышулы баптарына қатысты жарияланған мораторийдің мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады. Бүгін мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу