Кедейліктен қорқатын адамдар қандай ауруға жиі ұшырайды?
Фото: rtvi.com
Кедейліктен қорқатын адамдардың қандай ауруға жиі ұшырайтыны белгілі болды.
Белгілі психосоматолог Нұрлан Несіпбай «Айналайын» бағдарламасында психологиялық жұмыстар арқылы ауыр сырқаттардың алдын алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Айтуынша, ми мен аурудың байланысы бар ағзадағы көп аурулар адамның өз ойынан пайда болады екен.
– Бел омыртқасы ауыратын, белдегі протрузиядан қиналып жүрген адамдардың бойында қорқыныш бар деген сөз. Ол – кедейліктен қорқу. Ақша жетпей қалады, жалақыны кешіктіреді, жұмыстан шығарып жібереді сияқты ақшамен байланысты ойлар жиі мазалайтын адамдар көп жағдайда осындай сырқатқа бейім болады. Бұл – психосоматика. Сондай-ақ өзін қоғамға керексіз сезінген, тұлға ретінде өзін қабылдай алмаған адам инсульт пен инфаркт ауруларына жиі ұшырайды. Сондықтан адамдар өздерін ешкіммен салыстырмауға тиіс, – дейді дәрігер.
Оқи отырыңыз