KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда арқа аурулары жиілеп кетті

15.08.2019, 06:13 210

Елімізде жыл сайын адамдардың 20-25 пайызынан арқа ауралары анықталады. Бұл туралы облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Көп жағдайда адамдарда арқа аурулары уақытша болып, 25 пайызында ғана созылмалы түріне айналады, – дейді Өскемен қаласындағы Амбулаториялық орталықтың дәрігер неврологы Лариса Ан. – Арқа ауралары әр түрлі. Ең көп себептердің бірі вертеброгенді дороспотия - омыртқа жотасының остеохондрозы болып табылады. Магниттік-резонансты тексеру мәліметтері бойынша 25-39 жас аралығындағы пациенттердің 35 пайызында бір деңгейлі дискілердің протрузиясы анықталса, 60 жастан жоғары топтағы пациенттерде бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткен. Бір қызығы, бұл адамдар ешқашан арқа ауруларына шағымданбаған. Сондай-ақ, КТ, МРТ және миелография қорытындылары бойынша тексерістен өткендердің 30-40 пайызында омыртқа дискілерінің жарығы анықталған.

Маманның айтуынша, арқа аурулары негізінен дене белсенділігінің аздығы, психологиялық шаршау, дұрыс ас қабылдамау салдарынан пайда болатын көрінеді. Сол себепті оның алдын алуы туралы ұмытпаған жөн. Алдын алу шараларына: арқаны тік ұстау, денешынықтырумен айналысу, суда жүзу, заманауи емдеу шаралары, дұрыс тамақтану мен артық салмақтан арылу сияқты әдістер жатады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу